25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №359

258 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 20 маусым,  Астана, Үкімет Үйі «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын үй, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған квоталарды белгілеу және «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын үй, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған рұқсат беру шарттарын бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын үй, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған квота белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын үй, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасын (өтініш беруші – «Аstana Property Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жэне 2017 жылдарға арналған рұқсат беру шарттары бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы №359 қаулысына қосымша «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс: 1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік- біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандыгының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері); 3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек кызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар, жылжымайтын мүлік объектілерін басқарушылар үшін). 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақ­стан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады. 3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы №359 қаулысына қосымша Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 және 2017 жылдарға арналған квоталар Жобаның атауы Өтініш беруші Іске асыру орны Іске асы­ру мерзімі Квота (адам) жыл барлығы 1 2 3 4 5 6 Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде ор­налас­қан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сау­да ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфунк­ционалды кешенді салу және пайдалану «Аstana Property Management» жа­уапкершілігі шек­теулі серіктестігі Астана қаласы 2013-2017 жылдар 2016 1500 2017 1500
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше